Түркістан облысында полицияға қатысты тараған видео тексерілді

ТО ПД баспасөз қызметі ТО ПД баспасөз қызметі
Ондағы полиция дабылының дауысы өңдеу арқылы қойылғаны анықталды.

Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлерімен күнделікті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында қолданушылардың бірінің "Instagram" парақшасында полицияға қатысты жарияланған бейнежазбасы анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Онда көліктегі жас жігіттер полиция қызметкерлерінің қызметтік көлігінің артынан жүріп отырып, дабылды бірнеше рет қосқаны естіледі. Аталған бейнежазба бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде желі қолданушылары арасында челлендж секілді таралып жатқан бейнежазба және ондағы полиция дабылының дауысы өңдеу арқылы қойылғаны анықталды.

Сондықтан тұрғындарға түсіндіреміз, бейнежазбадағы дабылдың дыбысы шынайы емес. Кез келген дәйексіз ақпарға сүйеніп, көрнекі немесе жалған мәлімет таратпаңыздар. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалған мәлімет таратқан азаматқа қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, деп ескертеді ТО ПД-ның баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз