Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысының тұрғыны көршісінің телефонын жымқырып, онлайн несие рәсімдеген

Түркістан облысының тұрғыны көршісінің телефонын жымқырып, онлайн несие рәсімдеген  , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2023 17:33 Сурет: freepik
Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, егістікте жүрген кезінде Samsung телефонын белгісіз біреу ұрлап, ондағы банк қосымшасы арқылы 200 мың теңге онлайн несие рәсімдеп алған.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша тіркелді. Полицейлер ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында қажетті іс-шараларды жүргізді.

Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде тәртіп сақшылары осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекенжайынан ұстады.

Ол жергілікті тұрғын, жәбірленушінің жақын көршісі болып шықты. Анықталғандай, жәбірленуші көрші әйелмен егістік алқабында бірге болған.

Күдікті әңгімелесу барысында оның қараусыз жатқан телефонын байқатпай ұрлап алған. Сол аралықта көрші әйел ұрлық жасағанымен қоймай, телефондағы банк қосымшасы арқылы онлайн несие рәсімдеп үлгерген.

Ал жәбірленуші телефонының жоғалғанын үйіне келгенде ғана білген. Тәртіп сақшылары қолды болған телефонды айғақты зат ретінде тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: