Қазақстанда ЛГБТ өкілдерін жаппай тіркеу жүргізіліп жатқан жоқ

stopfake.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2021 18:37 stopfake.kz
Қазақстанда ЛГБТ өкілдері заңмен қудаланбайды. Гейлерді міндетті түрде тіркеу туралы хабарлама – жалған.

Желіде Нұр-Сұлтанда ЛГБТ қауымдастығы мүшелерін мәжбүрлі түрде жаппай тіркеу басталды деген хабарлама тарауда, деп хабарлайды zakon.kz.

stopfake.kz мәліметінше, жыныстық азшылық өкілдеріне "педофилия үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілгені туралы қолхат жазуға, жеке деректері бар сауалнаманы толтыруға, сондай-ақ саусақ іздерін тапсыруға мәжбүрлейді" екен. Кейбір жағдайларда төлқұжаттан басқа, өзімен бірге тағы екі "төлқұжаттық" фотосурет болуы керек.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2021 18:37

Бұл жазбада көрсетілген дәлелдер шындыққа сәйкес келмейді. Расталмаған мәліметтерді қасақана таратқан адамдар анықталып, жауапкершілікке тартылды. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтарды тек ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырады және көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді, – деп хабарлады құзырлы ведомстводағылар.

Сондай-ақ, "Kok Team" бірлестігінің парақшасында өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған бопсалаушылар мен алаяқтар осы схема бойынша жұмыс істейтіні жазылған.

Егер сізге суретте жазылғандағыдай, бір нәрсе айтса (Қазақстанда гейлерді тіркеу туралы – авт.), сенбеңіз – бұл ақша бопсалау жолы. Сізге осыны айтқан адам – қылмыскер (оның не және қалай айтқанына байланысты бопсалау немесе алаяқтық). Егер олар тағы да хабарласатын болса, полицияға, прокуратураға арыз беремін және құқық қорғаушыларды хабардар еттім (тіпті олай болмаса да) деп жауап беріңіз, – деп ескертеді белсенділер.

Қазақстанда ЛГБТ өкілдері заңмен қудаланбайды. Гейлерді міндетті түрде тіркеу туралы хабарлама – жалған.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: