Алматылық дизайнердің өліміне айыпты 11 жылға сотталды

22 Ақпан 2021, 13:29
Сурет: Instagram/h1rosima

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты дизайнер Bisen, яғни Сәбит Сыраханның өліміне кінәлі адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сот Сағыныш Дүйсенғалиевті ҚРҚК 99-бабы, 1-бөлігі, "Кісі өлтіру" бойынша кінәлі деп танып, 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды.

Судья мұндай жаза сотталушының Сәбит Бисенге қасақана ауыр дене жарақатын келтіруіне байланысты тағайындалғанын түсіндірді. Соның салдарынан марқұм қансырап, миына қан құйылған. Осыдан кейін Дүйсенғалиев жедел жәрдем қызметіне хабарласпай, жанжал болған жерден кетіп қалғаны атап айтылды.

Судья сотталушының екі кішкентай баласы бар екендігіне байланысты жазаны жеңілдететін жайды қарастырғанын баса айтты.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы үкімге наразы болса, оған 15 күн ішінде шағымдана алады.

Естеріңізге сала кетейік, алдындағы сот жарыссөзінде прокурор Дүйсенғалиевке 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған, ал келесі отырыста ол мерзімді 11 жыл 3 айға дейін қысқартуды сұрады.

Ал прокурор айыпталушыны 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

18 қазанда Алматыда жас дизайнер Сәбит Bisen ауыр соққыдан қайтыс болды. Кейіннен оны жүріп жүрген қыздың ағасы ұрып-соққаны хабарланды.

Айта кетейік, жас дизайнер Сәбит Bisen рэп әншілері мен хип-хоп мәдениетінің өкілдеріне арнап streetwear-бренд ашқан.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?