Нұр-Сұлтан тұрғындарына қашан жаппай екпе салына бастайды?

pexels.com pexels.com
Мамыр айында біз қала тұрғындарына екпе жасаймыз - Сарқыт Бейсенова.

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова қауіп-қатер тобына жатпайтын елорда тұрғындарына жаппай қашан екпе салына бастайтындығы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ол медицина қызметкерлеріне екпе салу 1 ақпанда басталғанын еске салды. Нұр-Сұлтанда 2 008 медициналық қызметкерге вакцина салынды. Бұл - жедел жәрдем, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, жұқпалы аурулар ауруханаларының, реанимация бөлімдерінің, жедел жәрдем бөлімдерінің қызметкерлері, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің, сараптама орталығының, қалалық ауруханалардың қызметкерлері.

Екінші кезеңде мұғалімдер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері вакцинациялауға жатады.

Алда, яғни сәуір айынан бастап студенттерге вакцина салына бастайды. Тәуекел топтарының барлық контингенттері барынша қамтылғаннан кейін қала тұрғындарын вакцинациялау қолға алынады деп болжануда. Яғни, мамыр айында біз қала тұрғындарына екпе жасаймыз, - деді Сарқыт Бейсенова әкімдікте өткен брифингте.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз