«Өзіңді сақта»: Нұр-Сұлтан тұрғындарын бетперде киюге шақырды
Сурет: Zakon.kz
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты елорда тұрғындарына үндеу тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мен барлығын аса қажет болмаса, адам көп жиналатын жерлерге бармауға шақырамын. Өзіңіз көріп отырсыз, вирус азаймай, аурушаңдық қайта өсіп келеді. Сіз байланысатын адамдар шеңберін шектеңіз. «Сары» аймаққа өткеннен кейін инфекция ошағын оқшаулау шаралары қолданылатынын атап өткім келеді. Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова
Ол вакцинация мен ревакцинация әлі де коронавирустық инфекциядан жалғыз қорғаныс екенін атап өтті.
Құрметті жерлестер, өз денсаулығыңызға, жақындарыңыздың денсаулығына қауіп төндірмеңіз, коронавирусқа қарсы екпе алыңыз. Елорданың «жасыл» аймақта орналасқанына қарамастан, ВАК шешімімен жабық мекемелерде және қоғамдық көліктерде бетперде кию ұсынылады. Абай болыңыз. Сархат Бейсенова
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript