Елорданың бас санитарлық дәрігері КВИ бойынша қаладағы жағдай туралы айтты
Сурет: Zakon.kz
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова коронавирус жұқтырғандар саны тамыз айының ортасына дейін артатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, аурушаңдық тамыз айының ортасына дейін артады. Төмендеу тамыз айының соңы, қыркүйек айларында басталады. Біз Нұр-Сұлтанда да осындай болжам жасап отырмыз.Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова
Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов 260 адам ауруханада емделіп жатқанын айтты.
Еске салсақ, эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың жаңа матрицасы бойынша Нұр-Сұлтан «сары» аймаққа жақындады. Елордада негізінен «стелс-омикрон» таралып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript