Жаңалықтар тізбегі
0

Алаяқ ауыл тұрғындарын алдап, 7 миллион теңгені қолды қылған

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2021 21:35 zakon.kz
Бұл оқиға Түркістан облысы, Келес ауданында тіркелді.

Түркістан облысында Келес ауданының тұрғындарынан мемлекеттік субсидия алуға көмектесуге уәде беріп, 7 миллион теңгеге жуық ақшаны алдап алып келген адам ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінде хабарланғандай, Келес АІІБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз ер адамның өзінен көп мөлшерде ақша алып кеткені туралы арызбен жүгінген. Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, алаяқ ауыл тұрғынына мемлекеттен өтеусіз субсидия алуға көмектесуді ұсынған, содан кейін алаяқтық жолмен одан 3,5 миллион теңгені алған.

Бір айдан кейін бұл істің нәтижесін де, ақшаның қайтарылуын күтпестен жәбірленуші полицияға арызбен жүгінді.

Полиция бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, "Алаяқтық" бойынша Келес АІІБ-ның бірыңғай тізіліміне тіркеді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Келес аудандық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері күдіктіні тұрғылықты жерінен қолға түсіріп, полиция бөліміне жеткізді.

Тергеу кезінде жас жігіттің жәбірленушінің сеніміне кіріп, субсидия алуға көмектесемін деген желеумен ақшасын алып, артынан уәдесін орындамай, көзден таса болғаны анықталды. Алаяқ мұнымен тоқтамаған, тура осыған ұқсас тағы үш тұрғынды алдап, ақшасын иемденген. Жәбірленушілерге келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 7 миллион теңгені құрады. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайларын және ұсталған адамның басқа қылмыстарға қатыстылығын тексереді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: