"Союз" газ құбыры жарылды: Қазақстанға газ транзиті кілт тоқтады
pexels.com
Зардап шеккендер жоқ.
Орынбор облысындағы "Союз" газ құбырындағы жарылыстан кейін Қазақстанға газ транзиті тоқтатылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Ресей Энергетика министрлігінің хабарлауынша, 23 ақпанда Орынбор - Новопсков газ магистралінде (Газпромтрансгаз - Екатеринбург) газ қысымының төмендеуі анықталды.
"Союз" газ магистралінде де газ қысымы төмендеді.
Төтенше жағдай тобы "Союз" құбырының нөлден 123 шақырымына дейінгі аралықтағы бөлігін ажыратты. Алексеевка ГИС арқылы Қазақстан аумағына жеткізілетін газ транзиті тоқтатылды. Бұған "Союз" газ құбырының 108-ші шақырымындағы ақау, яғни диаметрі 1400 болатын газдың жануы себеп болды, деп атап өтті баспасөз қызметі.
Зардап шеккендер жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript