Қостанайда дөнер дүңгіршегінде газ баллоны жарылды
Zakon.kz
Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңартылған ақпаратына сәйкес, жарылыстан кейін болған өрт орнында зардап шеккендер мен құрбандар болған жоқ. Өрт сөндірушілер екінші газ баллонын алып шықты.
30 қазанда күндіз Қостанайда дөнер дүңгіршегінде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Zakon.kz .
"Алау" басылымы атап өткендей, сағат 13:54-те "101" пультіне қоңырау келіп түсті.
Тәуелсіздік көшесіндегі фастфуд дүңгіршегі өртеніп жатқаны белгілі болды. Өрт сөндірушілер келген сағат 13:58-де газ баллоны жарылғаны анықталды, - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңартылған ақпаратына сәйкес, жарылыстан кейін болған өрт орнында зардап шеккендер мен құрбандар болған жоқ. Өрт сөндірушілер екінші газ баллонын алып шықты.
Олар дөнер дүңгіршегі иесіне дүние-мүлкі мен бағалы заттарын шығаруға да көмектескен. Төтенше жағдайды жоюға жеке құрамның 16 адамы жұмылдырылып, техника да жұмыс істеді. Өрт сағат 14:28-де сөндірілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript