Тоқаев Каспийдегі балық аулау аумағын ұлғайту туралы заңға қол қойды

23 Ақпан 2021, 16:44
Сурет: Lada.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Айта кетсек, ҚР Сыртқы істер министрлігінің басшысы Тілеуберди бұдан бұрын қол жеткізген конвенциялық ережелерді заң жобасына имплементациялау шеңберінде аумақтық сулардың енін 12-ден 15 теңіз миліне дейін ұлғайту; белгіленген акваторияда теңіз ғылыми зерттеулерді және су биологиялық ресурстары кәсіпшілігін жүргізу тәртібін анықтайтын балық аулау аумағының төңірегінде "балық аулау аумағының режимін" енгізу; балық аулау аумағында су биологиялық ресурстар кәсібіне Қазақстан Республикасында айрықша құқықтарының сақталуын бақылау бойынша мемлекеттік органдардың құзырын сондай-ақ, олардың өзара әрекеттесу ретін анықтау енгізілгенін атап өтті.

Заңның қазіргі редакциясына олқылықтар мен қарама-қайшылықты жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің күнделікті қызметтік және жауынгерлік қызметін қамтамасыз ету мақсатында басқа да түзетулер енгізілу көзделген.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?