Тоқаев саясаткерлердің ақшалай операциясын бақылайтын заңға қол қойды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2021 01:19 Zakon.kz
Заңда "жария лауазымды тұлғалар" ұғымын бекіту қарастырылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлердің ақшалай операцияларын бақылау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген Ақорда хабарламасында.

Бұған дейін Сенат депутаты Ольга Перепечина мәлімдегендей, жаңа заң ақшаны жылыстату тәуекелдерін азайтуға және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға қарсы ұлттық жүйенің тиімділігін арттыруға бағытталған. Заң жобасының негізгі аспектілері ұлттық мемлекеттік қызметшілерге тиісті тексеру шараларын белгілеу болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік лауазымды тұлғалары ақшалай және өзге де мүлік бойынша жүзеге асырған операцияларға заңнамалық деңгейде бақылауды орнату мақсатында ұлттық мемлекеттік лауазымды тұлғалардың жария институтын кезең-кезеңімен енгізу, "жария лауазымды тұлғалар" ұғымын бекіту ұсынылады.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: