Мәжіліс депутаттары Орталық Азия көшбасшы әйелдері диалогына қатысты

С.Майлыбаев С.Майлыбаев
Қатысушылар Орталық Азия көшбасшылары әйелдерінің диалогының 2021 жылға арналған іс-қимыл жоспарының жобасын талқылады.

Бүгін Мәжілісте Біріккен Ұлттар Ұйымы Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссиясының 65-ші сессиясына дайындалу мақсатында Орталық Азия елдерінің көшбасшы әйелдер диалогының консультациялары онлайн форматта өтті, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының төрағасы, Орталық Азия елдері көшбасшылары әйелдер диалогының төрағасы Т.Нарбаева жетекшілік етіп, Түркіменстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан Парламент өкілдері қатысты. Қазақстандық тараптан Мәжіліс Төрағасының орынбасары Б. Кесебаева және депутаттар А.Құспан мен Л. Рамазанова қатысты.

Отырыс барысында қоғамдық өмірге толыққанды және тиімді қатысу және шешімдер қабылдау үшін гендерлік теңдік, әйел-көшбасшылар туралы бірқатар мәселелер көтеріліп, талқыланды.

Өз кезегінде, вице-спикер Балаим Кесебаева әйелдердің жағдайы, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін іске асыруда теңдікке қол жеткізу мәселелері көптеген мемлекеттер, соның ішінде Орталық Азия елдері мен Қазақстан үшін өзекті болып қала беретініне назар аударып, Қазақстанның қалыптасу жылдарында бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылғанына тоқталды.

Сонымен қатар вице-спикер Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен елде саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани жаңғырту бойынша кешенді шаралар және Ұлттық деңгейде 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы қабылданып, іске асырылып жатқанына назар аударды.

Пікір-талас барысында Б.Кесебаева жаһандық дағдарыстан кезең-кезеңімен шығу ұсынымдарын әзірлеуге бағытталуы тиіс дағдарысқа қарсы орталық құруды және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаудың іске асырылып жатқан мемлекеттік шаралары бойынша елдер арасындағы озық тәжірибені жедел алмасудың бірыңғай банкісін құруды, әйелдердің меншіктің барлық нысандарына, қаржылық қызметтерге иелік етуге және бақылауға қол жеткізуін ұлғайтуға қатысты және халық арасында гендерлік теңдік туралы ақпаратты арттыру сияқты біршама мәселелерді ұсынды.

Қатысушылар отырыста Орталық Азия көшбасшылары әйелдерінің диалогының 2021 жылға арналған іс-қимыл жоспарының жобасын талқылады.

2021 жылы біздің бірлескен күш-жігерімізді экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту және ауылдық жерлердегі әйелдерді қолдау мәселелерін талқылауға бағыттаған жөн деп санаймын. Жер-жерлерде локдаун кезеңінде шалғайдағы ауылдық өңірлердегі әйелдер, әдетте, қаржылық және басқа ресурстарға, оның ішінде инфрақұрылым мен технологияларға қол жеткізе алмады. Бұл тұрғыда біздің өңірдегі ауылдық жерлердегі әйелдердің жағдайы Орталық Азия елдерінің көпшілігіне тән және күн тәртібіндегі өзекті мәселе - деді Б. Кесебаева.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-02/thumbs/1614095431_ea14d2fe-efc2-4cd6-88cc-2a2b0b405388.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз