Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы жаңадан тағайындалды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2021 16:52 primeminister.kz
Ол осыған дейін ҚР Әділет министрлігінің Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры қызметін атқарды.

ҚР әділет министрінің бұйрығымен Асқар Ерболатұлы Үмбеталиев ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Асқар Үмбетәлиев 1980 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін, Алматы экономика университетін, Лондон экономика және саяси ілім мектебін (тағылымдама) бітірген.

Мамандығы бойынша біліктілігі — құқықтану, қаржы бакалавры.

Еңбек жолын 1997 жылы "КазЮжBодСтрой" АҚ-да 4-разрядты монтаждаушы болып бастады.

2003-2007 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет етті (Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес департаменті).

2007 жылдан 2009 жыл аралығында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің Акциздерді әкімшілендіру басқармасында жұмыс істеді.

2009 жылдан 2016 жылға дейін ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығында басшылық лауазымдар атқарды.

2016 жылғы шілде-желтоқсан аралығында "СҚ-Фармация" ЖШС Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2016 жылдан 2020 жылдың шілдесі аралығында ҚР Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2020 жылдың шілдесінен желтоқсаны аралығында — ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығының директоры.

2020 жылғы желтоқсаннан қазіргі уақытқа дейін ҚР Әділет министрлігінің Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры қызметін атқарды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: