Жәрдемақымызды жеп отыр – мүгедек жандарды күтушілер

24 Ақпан 2021, 11:07
Сурет: видеодан кадр

"Қоғамдық ұйым қалтамызға қол салды!" Алматы облысының әлеуметтік қызметкерлері мемлекет белгілеп берген ақшасын ала алмай жүр. Өйткені ортаға делдал болып кіріккен қоғамдық ұйым мүгедектерді күтіп-баптайтын мамандардың ақшасын заңсыз ұстап қалатын көрінеді. Шелек ауылының тұрғындары бүгін жергілікті әкімдікке жиналып шу шығарып, жәрдемақыларын толығымен төлеп беруді талап етті. Онсыз да шайлықтан артылмайтын айлыққа ортақтасып, жалақыны жырымдап жатқан кім? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қамкөңіл жандардың әкімдікке келіп шу көтеруіне әлеуметтік көмекшілеріне берілетін жәрдемақының дұрыс төленбеуі себеп. Бірнеше жылдан бері жырымдап, дұрыс төленбепті. Ол аздай жәрдемақы қоғамдық ұйым арқылы береледі екен. Биылдан бастап онсыз да мардымсыз көмектің 5 пайызы қызмет көрсететін қоғамдық ұйымға төленуі керек. Айына 88 мың теңге төленуі тиіс болса, қолдарына 25-30 мың ғана алады екен.

Дәулетхан Оразбеков, 1-топ мүгедегі:

НПО-ның қажеті жоқ. Талабымыз Собездің берілетін ақшасына прямой без посредников, керек емес посредниктің. Ол өйткені ақшаны толық төлемейді. 5 процент ұстап қалады. Беріп жатқан құжаттары дұрыс емес. Бәрі юредический толтырылмаған. Калиграмма бәрі.

Жәрдемақы мандымағаны аздай, дәрі-дәрмек пен жаялықты да өздері сатып алатын көрінеді. Себебі, мемлекет тапынан берілетін жаялық сапасыз әрі жетпейді екен. Зар илеп отырғандар мүгедек жақындарының жанында тәулігіне 24 сағат бірге жүретін туыстары олар соның сегіз сағатына төлеп берсе деп отыр.

Бақытгүл Досанова, әлеуметтік көмекші:

Жолдасым 12 жыл бойы инвалид. Екі көзі соқыр, екі қол, екі аяғы істемейді. Соның әлеуметтік көмекші ретінде беріп отырған ақшамызды бермей отыр. Толық бермейді. Жеп қойып жатыр. Ахметжан Нүсірепович деп жатыр ғой, Назирасы бар, бәрі семейный. Біреуі келіні, біреуі ағасы, біреуі ініс. Осы біздің қаржымызды төлеп отырған адам.

Гүлниса Сагирова, 1-топ мүгедегі:

Мен мүгедекпін, мен үйде отырғым келмейді. Мен активный адаммын, далаға шыққым келеді. Суббота, воскресенье концерт. Любой нәрсеге, культурный нәрсеге жүргім келеді. Мен үйде қамалып отырғым келмейді.

Ал "Мейірім ел" деп аталатын қоғамдық ұйым өкілдері өткен жылы ақша аз бөлінгендіктен жыл соңына жетпей бітіп қалды, содан соң аз берілді деп ақталуда. Мүгедектердің жәрдемақыларын беріп отырған қоғамдық ұйым өкілдері әлеуметтік көмекшілермен келісім-шартты бір жақты жасап келіпті. Тұрғындарға не мөрі, не жауапты адамның аты-жөнімен қолы қойылмаған келісім-шарт таратып беріпті.

Ахмет Ирибакиев, қоғамдық ұйым өкілі:

Егер печать керек болса любой адам келіп біз печать қойып береміз. Мен қазір личный деладан шығарып алып келдім.

Ал аудандық еңбек және және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері өткен жылы ақша аз бөлінгендіктен қаржы толық жетпегенін растады. Биыл аудандағы 312 мүгедек жанның көмекшілеріне 286 миллион теңге қарастырылыпты. Қаржы жеткілікті деп сендірді. Бірақ жүре алмайтындарға жәрдемақы төленбеуі тиіс екен.

Наталья Борискина, аудандық еңбек және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі:

Ақша мүгедектерді үйінен қажетті жерге дейін жеткізіп, қайтадан үйіне алып келгені үшін төленеді. Ал олардың асын беріп көмектесу оған жатпайды. Ақы атқарылған жұмыс бойынша төленеді. Заң бойынша жүре алмайтьын мүгедектерге мүлдем төленбеуі тиіс.

Жәрдемақыдан қағылған әлеуметтік қызметкерлер қоғамдық ұйым қызметінен бас тартып, оны тікелей алуды мақсат тұтады. Онымен құзырлы органдарға шағым түсіруді көздейді. Себебі жәрдемақының біраз бөлігі заңсыз ұсталды деген пікірде.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?