Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында құжатсыз азаматтарды анықтау акциясы 5 мамырға дейін ұзартылды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2021 20:56 zakon.kz
Еліміздің азаматының құжаттарын уақытында ала алмағандар әлі көп.

Алматы облысы ПД көші-қон қызметінің мәліметінше, акция басталғаннан бері полиция қызметкерлері 333 адамды құжаттандырған, олар қандай да бір себептермен қолдарындағы 1974 жылғы үлгідегі ескі КСРО паспорттарын уақытында ауыстырмай, ұзақ уақыт құжаттарсыз өмір сүріп келген, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші кезекте, жеке құжаттардың болмауы мемлекеттік қызметтерді, әлеуметтік төлемдерді, жәрдемақыларды, кепілдендірілген медициналық көмекті ала алмаған қарапайым азаматтың өзі үшін елеулі қолайсыздық туғызады. Нәтижесінде, олардың балалары да дәл осындай проблемаларға тап болады. Осыған байланысты, өткен жылдың 23 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының аумағында жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын адамдардың құқықтық мәртебесін айқындау жөніндегі акцияның басталғаны туралы жарияланған болатын. Біздің бөлімшелеріміздің қызметкерлері 300-ден астам азаматқа жаппай құқықтық көмек көрсетті және олар құжатталды, дейді Алматы облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Елмұрат Нұрсейітов.

Спикердің айтуынша, акция барысында "азаматтығы жоқ адамдар" мәртебесінде болған тағы 115 адам өз құжаттарын алған.

Әрбір осындай деректің артында – адамдар тағдыры жатыр: біреуі кездейсоқ жағдайларға байланысты біздің еліміздің азаматының құжаттарын уақытында ала алмады, ал екіншісі бұл мәселені басқа біреу жасауы керек деп қате сеніп, "өз бетінше қоя берді", ал енді бірі білместіктен ескі төлқұжатпен өмір сүрді. Сондықтан бұл акция, бірінші кезекте, әрбір деректі егжей-тегжейлі және объективті зерделеуге және уақтылы көмек көрсетуге бағытталған. Айта кету керек, бұл акция мемлекеттік органдармен үкіметтік емес сектордың белсенді қатысуымен өткізілуде. Осы мақсатта 2020 жылдың қараша айында Ішкі Істер Министрлігі, Әділет министрлігі, "Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро" ҚБ, сондай-ақ "Сана-Сезім" Әйелдер мен бастамалардың құқықтық орталығы" ҚБ тиісті меморандумға қол қойды, деп атап өтті полковник Нұрсейітов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: