Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысында карантин 25 мамырға дейін ұзартылды

chelyabinsk.bezformata.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2020 05:47 chelyabinsk.bezformata.com
Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша облыс аумағында Карантин режимі мен шектеу шаралары 25 мамырда сағат 07:00-ге сағатына дейін ұзартылды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникациялар қызметі ақпарат таратты.

11 мамыр таңғы сағат 07:00 бастап 25 мамыр сағат 07:00-ге дейін Маңғыстау облысында азаматтардың аймаққа кіру мен шығуына (халықтың өмір белсенділігін қамтамасыз етуші автокөліктерді қоспағанда) тыйым салынады.

2) облыс тұрғындарына қалалар мен аудандар арасына қатынауға (халықтың өмір белсенділігін қамтамасыз етуші автокөліктерді (азық-түлік, дәрі-дәрмектерді тасымалдайтын жүк және жеңіл машиналар, сонымен қоса төтенше жағдай режимін қамтамасыз ететін арнайы және қызметтік көліктер қоспағанда) тыйым салынады.

3) 1,5 - 2 метр арақашықтықты сақтаумен, міндетті түрде маска киюді сақтаумен –таңертең 07:00 сағаттан 10:00 сағатқа дейін, кешке 17:00-ден 19:00 сағатқа дейін (жұмыс орнынан анықтамасы болғанда) жұмысқа баруға болады.

4) ойын-сауық, спорттық және өзге де бұқаралық шаралардың, сонымен қатар отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салынады.

5) ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер, және халық көп шоғырланатын өзге де нысандардың қызметіне тыйым салынады.

6) дін нысандарының қызметіне тыйым салынады.

7) саябақтар, скверлер, жағалауларға баруға тыйым салынады.

8) медициналық орталықтардың қызметтеріне (жазылу бойынша) зоналарға бөлу талаптарын және күшейтілген санитарлық –дезинфекциялық режимді сақтаумен жүгінуге болады.

9) азық-түлік базарларының қызметі күшейтілген санитарлық –дезинфекциялық режимді сақтаумен және жұмыс режимін 10:00 сағаттан 17:00 сағатқа дейін уақытша шектеумен жалғасады.

10) Ауданы 500 шаршы метрден аспайтын тауарлар дүкендерінің қызметі күшейтілген санитарлық –дезинфекциялық режимді сақтаумен және жұмыс режимін 10:00 сағаттан 17:00 сағатқа дейін уақытша шектеумен жалғасады.

11) құрылыс дүкендерінің, саяжай құрал-жабдықтарын сататын дүкендердің, оптикалар (дүкендер), гүл дүкендері, зоодүкендер және көп шоғырлану, ұзақ және тығыз байланысты болдырмайтын өзге де объектілердің қызметі күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен жалғасады.

12) техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, шиномонтаж, автосалондары күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен, жұмыс кестесі 9:00 сағаттан 18:00 сағатқа дейін (алдын ала жазылумен) жұмыс істейді.

13) сұлулық салондары (алдын ала жазылумен) келушілерді медициналық маскамен кіргізуді сақтаумен, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен жұмыс істейді.

14) Бизнес орталықтарының (сақтандыру компаниялары, адвокаттық қызметтер, нотариустар, бухгалтерлік және консалтингтік қызметтер, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен, жұмыс кестесі 9:00 сағаттан 18:00 сағатқа дейін жұмыс істейді.

15) халыққа қызмет көрсету нысандары (баспахана қызметін көрсетуші объектілер, тігін шеберханалары, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім, химялық тазарту, кір жуу сервистері және көп шоғырлануды, ұзақ және тығыз байланысты болдырмайтын өзге де объектілердің қызметі) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен жұмысы істейді.

16) туризм объектілері және қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б. жұмыс алгоритмін сақтай отырып жұмысқа кіріседі.

17) әуежай, теміржол және автовокзалдар жұмыс алгоритмін сақтай отырып, жұмыс істейді.

18) көктемгі дала жұмыстарына қатысатын ұйымдар мен адамдар арнайы жұмыс алгоритмін (күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді, сақтық шараларын) сақтай отырып, жұмыс істейді.

19) мемлекеттік органдар (ұйымдардың), кеңселер әлеуметтік арақашықтықты (1,5-2 метр) сақтаумен және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен жұмысқа кіріседі. Осымен бірге қызметкерлердің 50%-ы үшін қашықтықтан жұмыс істеу режимі сақталады.

20) облыс ішіндегі және аудандар арасындағы блокпосттарда санитарлық-карантиндік бақылауды ұйымдастыру жалғасады.

21) медициналық ұйымдарда, егде жастағы және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйінде, балалар үйінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, интернаттық типтегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу орындарында карантиндік және санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмысы жалғасады.

22) мектепке дейінгі ұйымдардағы, балабақшалардағы кезекші топтар (жақсартылған санитарлық-дезинфекциялық режимге сәйкес) балаларды қабылдайды. Ата-анасы немесе қамқоршысы, асырап алушылар жұмыс орны туралы анықтама ұсынуы тиіс. Яғни, баланың ата-анасы жұмыс істейтінін растауы тиіс.

23) Қызметкерлер мен балалар денсаулығының жай-күйін (термометрия) бақылауды жүргізіп, жедел респираторлы вирустық инфекцияларының белгілері бар қызметкерлер мен балаларды оқшаулап, сондай-ақ күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық режимін қатаң ұстана отырып білім беру орталықтары мен үйірмелер жұмысын (алдын-ала жазылу бойынша) бастайды.

24) Қызметкерлер мен балалар денсаулығының жай-күйін (термометрия) бақылауды жүргізіп, жедел респираторлы вирустық инфекцияларының белгілері бар қызметкерлер мен балаларды оқшаулап, сондай-ақ күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық режимін қатаң ұстана отырып балалар түзеу кабинеттері жұмысын (алдын ала жазылу бойынша) бастайды.

25) халыққа қызмет көрсету орталықтары жақсартылған санитарлық және дезинфекциялық режимге сәйкес жұмыс істейді.

26) екінші деңгейдегі банктер әлеуметтік қашықтықты (1,5-2 метр ара қашықтық) және жақсартылған санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

27) Әскерге келген жас сарбаздар 14 күн карантин біткеннен кейін әскерге шақырылған жерге хабар беру керек.

28) "Қазпошта" акционерлік қоғамының филиалы бөлімшелерінің жұмысы 1,5-2 метр ара қашықтықта және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимін сақтай отырып, қайта жанданады. Сондай-ақ пошта хаттарымен (хаттармен, сәлемдемелермен және т.б.) айналысатын қызметкерлер халыққа бір реттік қолғаптарда, медициналық маскаларда, жеке қорғаныс құралдарын (халат, медициналық маска, қолғап) киіп қызмет көрсетеді.

29) Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: