Жарты миллион айыппұл арқалаған елордалықтың көлігі тартып алынды
видеодан алынды
Автокөлік коммуналдық автотұраққа қойылды.
Нұр-Сұлтанда жарты миллионға жуық айыппұлы бар жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Мамандандырылған патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ресейдің мемлекеттік нөміріндегі ВАЗ автокөлігін тоқтатты, оның атына 500 мың теңге шамасында 19 айыппұл тіркелген.
Тоқтатқан кезде 30 жастағы жүргізушінің міндетті автокөлік сақтандыруы жоқ болып шықты. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы бойынша айыппұл салуды қарастыратын әкімшілік іс қозғалды. Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде тіркелген 19 айыппұлы бойынша қарызы бары туралы қолына қағаз берілді, - деп хабарлады елордалық ПД.
Автокөлік коммуналдық автотұраққа қойылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript