Алматы облысында үйге түсетін ұрылар тобы ұсталды
dailynews.kz
Топ мүшелеріне тиесілі автокөлік тиісті автотұраққа қойылды.
Алматы облысында ұсталған қылмыстық топқа бірқатар үйді тонады деген айып тағылды, деп хабарлайды zakon.kz.
"Алматы облысының Жамбыл ауданында жүргізілген арнайы шара барысында 4 адамнан құралған қылмыстық топ қолға түсті. Олардың Қарғалы, Ұзынағаш және Қайназар елдімекендеріндегі үйлерден ақша, бағалы заттарды, зергерлік бұйымдар мен тұрмыстық техникаларды ұрлағаны белгілі болды", - деп атап өтті облыстық ПД баспасөз қызметі.
Полицейлер таратқан ақпаратқа сәйкес, "Subaru" көлігіне мінген қылмыстық топ өкілдерінің соңғы екі ай ішінде 16 ұрлық дерегіне қатысы бары дәлелденді. Оларды ұстау кезінде қолды болған зергерлік бұйымдар мен ұялы телефондар сынды заттар табылып, іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелді.
"Ұсталған күдіктілердің ең үлкені 1988 жылғы болса, кішісі кәмілеттік жасқа биыл толған. Олар бұған дейін сотталмағаны анықталды. Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Зардап шегушілерге келтірілген материалдық шығын есептелуде, - деп толықтырды облыстық полицияның ресми өкілі Серік Үпиев.
Күдіктілер аудандық соттың шешімімен қамаққа алынды. Тергеу барысында тәртіп сақшылары олардың бұдан өзге де қылмыстарға қатысы барын анықтайтын болады. Топ мүшелеріне тиесілі автокөлік тиісті автотұраққа қойылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript