Қапшағайда жасөспірімді қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2017 22:53 Sputniknews.kz
Қажетті сараптамалар тағайындалды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Қапшағайда учаскелік инспектор жасөспірімді қағып кеткен жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 желтоқсан күні кешке белгісіз көлік Қонаев көшесінде 15 жастағы жасөспірімді қағып, қашып кеткен. Баланың бас сүйегі зақымданып, бірнеше жері сынған.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті ретінде 28 жастағы Қапшағай тұрғыны ұсталған.

"Қапшағай ҚІІБ учаскелік инспекторы полиция мойоры Жүсіп Тұрлин жол апатының куәгерлерін іздеп тауып, оқиға орнынан жасырынған жүргізушінің кім екенін анықтады. Күдікті ұсталды. Ол жасөспірімді өзінің Мitsubishi Galant көлігімен қаққаны белгілі болды ", — деп хабарлады Алматы облысы ІІД өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: