Жаңалықтар тізбегі
0

Екі балықшыдан заңсыз ауланған 66 келі балық табылды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2021 22:02 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Алматы облысында заңсыз балық аулаған екі тұрғын ұсталды.

Ұйғыр ауданының Жергілікті полиция қызметінің өкілдері табиғат қорғау заңнамасы талаптарының сақталуын қадағалау бойынша жүргізген арнайы шара барысында Іле өзенінде заңсыз балық аулап жүрген екі адамды ұстады. Үрлемелі қайыққа мінген браконьерлерден 66 келі балық тәркіленді, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында балық аулаушылардың заңмен тыйым салынған ауды пайдаланғаны әшкереленген. Олардың қайығынан ақ амур, дөңмаңдай, ақ марқа, табан балықтары табылып, тәркіленген. Қазіргі уақытта табиғат қорғаушылар мемлекетке келтірілген материалдық шығынды есептеуде.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Үрлемелі қайық, пластикалық ау мен балықтар тәркіленді. Кетпен ауылының екі тұрғыны мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды. Тергеу құпиялығына байланысты өзге ақпарат таратылмайды, деді Ұйғыр АПБ табиғат қорғау полиция тобының инспекторы полиция капитаны Саят Даркенбаев.

Алдын ала тергеу барысында ұсталған адамның бірі – 1989 жылғы Өзбекстан Республикасының азаматы екені белгілі болды. Сотқа дейінгі тергеу барысында тәртіп сақшылары оның елімізге қашан және не себеппен келгенін, құжаттарының заңға сәйкестігін мұқият тексеретін болады.

Табиғат қорғау шаралары барысында жыл басынан бері ауданда 23 құқық бұзушылықты анықтадым. Оның 21 дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды. Екі дерек бойынша қылмыстық заңнамаға сәйкес тергеу жүрді. Аудан тұрғындары мен қонақтарын қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтауға, табиғатты аялауға шақырамын,- деп толықтырды полиция капитаны Саят Даркенбаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: