ШҚО-да ер адамнан заңсыз ауланған 80 келі балық тәркіленді
Сурет: ҚР ІІМ
Тарбағатай ауданының тұрғыны балық ресурстарын заңсыз аулағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Зайсан көлінің жағасында жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында полицейлер заңсыз балық аулаумен айналысқан 44 жастағы ер адамды ұстаған.
Оқиға орнында тәртіп сақшылары жалпы салмағы 80 келі болатын балық ресурстарын анықтап, тәркіледі.
Оның ішінде көксерке – 53 келі, шортан – 22 келі, қарақұйрық – 5 келі, сондай-ақ одан қайық пен мотор бар.
Табиғатқа келтірілген залал – 500 мың теңгеден асты. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript