Қызылорда облысының үш тұрғынынан 250 келіден аса заңсыз ауланған балық тәркіленді
Сурет: Қызылорда облысы ПД
Қызылорда облысында заңсыз балық аулаған үшеу ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында облыс көлемінде “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
8 қарашада сағат 18:00 шамасында Қызылорда облысы ПД табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторлары және Арал – Сырдарья балық шаруашылық инспекциясы “Охотзоопром” қызметкерлерімен бірлесіп Қараөзекте Уаз автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында автокөліктен қапшыққа салынған 254 келі балық алынды. Қызылорда облысы ПД
Полиция мәліметінше, үш азамат заңсыз балық аулап, сату мақсатында Қызылорда қаласына жеткізбекші болған.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 1-бөлігімен (Заңсыз балық аулау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер полиция бөліміне жеткізілді және олардан ІІО-ға келу туралы міндеттемелер алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript