Түркістан облысында заңсыз ауланған жарты тонна балық тәркіленді
![Балық, браконьер, Түркістан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2022 11:08](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-353b9fbc-21eb-48c5-b1c0-3bee1befceed/800x451.webp)
Түркістан облысының полицейлері жыл басынан бері заңсыз балық аулаудың 6 дерегін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жайттар ҚР ҚК-нің 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау» бойынша тіркелді. Браконьерлерден 3 дана элетроқармақ,1500 метрден астам Қытай ау-торы, 8 қайық, 6 дана балық аулауға арналған шанышқы, 500 келіден астам заңсыз ауланған балық тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, Жетісай АПБ-ның табиғатты қорғау инспекторы мен балық қорғау инспекциясы қызметкерлері бірлесіп, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 5 тұрғынды анықтады. Табиғатқа зиян әкелген тұрғындарға ҚР ӘҚБТК-нің 383-бабымен 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Анықталған тұрғындардан қолдануға тыйым салынған 5 дана шанышқы (острага) алынды. ТО ПД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript