Жаңалықтар тізбегі
0

Мас күйінде рөлге отырған бұрынғы шекара қызметкері сотталды

Ашық дерекөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2021 22:49 Ашық дерекөздерден алынды
Сонымен қатар, Райымбек Бердекенов 10 жыл бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Батыс Қазақстан облысында мас күйінде рөлге отырып, жол апатына ұшыраған, салдарынан бір кісінің өліміне себепші ҰҚК шекара қызметінің офицері сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мой город" 8 ақпанда Ақтөбе гарнизоны әскери соты 2020 жылы қарашада жол апатын жасаған 22 жастағы Райымбек Бердекеновке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды. Жол апатынан бір адам қайтыс болды.

Іс материалдарына сәйкес, 4 қарашада ҰҚК шекара қызметінің әскери қызметкері Райымбек Бердекенов өзінің әріптестерімен бірге алкогольдік ішімдіктер ішкен. Сөйтіп мас күйінде олар көлікке отырады, рөлде Бердекенов болады. Ол жолдың қарсы бетіне шығып, асфальт төсегіш техникамен соқтығысқан. Салдарынан әріптестерінің бірі оқиға орнында қайтыс болды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан алдыңғы жақта отырған Жанболат бас, мойын, ішкі органдары, омыртқасы, бас миы жарақатын алып, алған жарақаттары салдарынан сол жерде қайтыс болды. Артқы жақта отырған Мирзаев орташа дәрежелі жарақаттар алды, делінген үкімде.

Райымбек Бердекенов шекара қызметінен теріс қылықтары үшін босатылды. Сотта бұрынғы шекарашы кінәсін толығымен мойындап, процессуалдық келісім жасасты.

Нәтижесінде ол абайсызда адам өліміне әкеліп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 3 жыл 6 ай мерзімге сотталды.

Сонымен қатар, Райымбек Бердекенов 10 жыл бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: