Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанда әйел мен 4 баланың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды

ҚР ТЖМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2021 15:22 ҚР ТЖМ
Облыс әкімдігі тарапынан қайғылы жағдайға ұшыраған отбасыға қаржылай көмек көрсетіледі.

Түркістан қаласында орын алған қайғылы жағдайдың себебін анықтау үшін құзырлы органдардан құрылған топ болған жайтты жан-жақты тексеріп жатыр. Орын алған оқиғаның мән-жайын анықтаумен айналысатын арнайы комиссия шұғыл брифинг өткізіп, алғашқы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Орын алған қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс ашылып, алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тергеу нәтижесінде, жауапты тұлғалардың кінәсі анықталатын болса, заң аясында жауапкершілікке тартылады. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов және басқа да қала өкілдері жерлеу рәсіміне қатысуда. Жерлеуге байланысты және басқа да материалдық шығындар толықтай өтелетін болады. Түркістан облысы әкімдігі тарапынан қайғылы жағдайға ұшыраған отбасыға қаржылай көмек көрсетіледі, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай.

Белгілі болғандай, облыстық мемлекеттік қызметшілер көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударуға ниет білдіріп отыр.

Оқиға орнын Төтенше жағдай, Полиция, Газ қызметкерлерімен тексеру барысында үйдің 3 бөлмеден тұратыны, үйде камин түріндегі пеш (Иран пеші) орнатылғаны анықталды. Пеш орнатылған бөлме үйдің ортасында орналасқан, екі жағында екі бөлме болған. Бұл туралы құзырлы орган басшылары өткізген брифингте белгілі болды. Үй табиғи газға қосылған, ешқандай өрт белгілері анықталған жоқ.

Пешті мұқият тексеру барысында орнатылған пешке гофрленген бұрғыш қосылғаны анықталды. Ол жану өнімін пештен 1,5 метр қашықтықта қабырғадағы тесік арқылы көшеге шығарылған. Сыртқы жағынан гофрленген Розетка 5-7 см ғана құрайды, осылайша қатты желдің әсерінен пештегі тартылыстың нашарлауына ықпал етіп улы газ бөлме ішіне тарауына әкеп соғуы мүмкін, – деді облыстық ТЖД басшысы Нұрғали Жүнісов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: