Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полицейлерге вакцина салу басталды
Алматы қаласының әкімдігі
Бұл топқа 15 мыңнан астам адам кіреді.
1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда КВИ-ға қарсы екпені мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері алады, деп хабарлайды zakon.kz.
Елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша бұл топқа 15 мыңнан астам адам кіреді.
Осы санаттағы адамдарды вакцинациялау үшін Нұр-Сұлтанда 36 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында екпе егу бөлмелері ұйымдастырылды. Сондай-ақ екпе салдыртуда ведомствоаралық ұйымдар да қатысады.
Мұғалімдер мен тәрбиешілерге вакцинация АМСК ұйымдарына білім беру ұйымы бекітілген жері бойынша жасалады. Вакцина алатындардың тізімдері жасалды, тиісті емханаларға жіберілді, - деп мәлімдеді Басқармада.
1 ақпаннан бастап Нұр-Сұлтанда барлығы 2126 адам коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алды. Өткен демалыс күндері Басқарманың қоймаларына 7 мыңнан астам жаңа доза вакцина түсті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript