Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабыла ма?
COVID-19-ға шалдығу бойынша елорда алғашқы үштікте орналасқан. Эпидемиялық ахуалды бақылау матрицасының "қызыл" белдеуіне кіргеніне де бір аптадан астам уақыт өтті. Шаһардың бас санитарлық дәрігері 14 қаңтарда шектеу шараларын күшейту туралы қаулы шығарды. Ахуал оңалар ма десек, керісінше, сырқаттар саны артып келеді. Енді қаланы оқшаулауға тура келе ме? Бұл сауалға бас санитар дәрігер жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz Аstanatv.kz-ға сілтеме жасап.
Сарқыт БЕЙСЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:
- Аурушаңдық жағдайлары өсуіне қарамастан, блок-бекеттер орнату және Нұр-Сұлтан қаласына кіруге және шығуға тыйым салуды енгізу жоспарланбаған. Елордада шектеу және карантиндік шаралары қосымша қатайту мәселесі одан әрі коронавирустың инфекцияның эпидемиологиялық жағдайын байланысты болады.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпараты бойынша, қауіпті аймақта Нұр-Сұлтан қаласынан бөлек, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. Қалған өңірлер сары және жасыл картада. Жалпы, республика көлемінде науқастардың саны 172 мыңнан асты. Сонымен бірге, кешегі күні 15 адам қайтыс болған.
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:
- Қазіргі таңда коронавирус инфекциясынан 25 мыңнан аса адам емделіп жатыр. Науқастардың арасында 298 адамның жағдайы ауыр, 57 науқастың өмірі қыл үстінді. Сондай-ақ, сырқаттардың 41-і өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған. Індет басталғалы 2446 кісі өлімі дерегі тіркелді.
Пандемия біраз адамның өмірін қиғанымен қоймай, кәсіп иелерін де тығырыққа тіреді. Кәсібіме тұсау салынды деген Алматылық Хамзада қазір жұмыссыздар қатарына қосылған. Мейрамханасынан қонақ үзілмей келгенімен, індет тарағалы қарыздың астында қалғанына ашулы.
Хамза СОЙРКАС, КӘСІПКЕР:
- 6 жылдан бері жұмыс істеп келген жұмысымды жаптым, өйткені менде мүлдем клиент қалмады. Одан тағы бір донер сияқты жұмыс аштым ол да болмады. Әрине, бұған пандемия әсер етті. Жетеді қарыздарым звандап жатыр сосын телефонымды өшірім қойдым. Қазір ғана қостым телефонымды. Қосалмаймын қарыздарым бар, мен оны қалай төлеймін?!
Айта кетсек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің экс-басшысы 162 мың қазақстандық пандемия салдарынан жұмыссыз қалуы мүмкін екенін болжаған еді. Ал, дүниежүзінде бұл қауіп 25 миллионнан астам адамға төніп тұр.