Жыныстық қатынастың жетіспеуі денсаулыққа зиян – қоғам белсендісі
Жыныстық қатынастың жетіспеушілігі денсаулыққа, психикаға зиян. Көптеген созылмалы ауруларға себеп. Бұл мамандардың айтып жүргені. Бүгін ғана емес, бұрындары да еститінбіз. Жалпақ жұртқа жабық мәселені ашып айтпайсыңдар деп жатқан соң осы мамандардың бір білгені бар ау-деп, аз-кем зерттеп көрдік.
Әсілінде бұл материал жұртты жаппай жыныстық қатынасқа үндеу деп теріс түсініп алмайық. Тек ғалымдардың ғылыми тұжырымдары, бүгінгі әлеуметтік проблемалардағы оның көрінісі мен халқымыздың менталитеті тұрғысынан қарасақ. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Полатбек Жоланов, кәсіпкер:
Өзінің бойындағы қуатты бір біріне беру деген үлкен жеңіс. Үлкен мүмкіншілік, үлкен керек нәрсе. Көңілің де жақсы болады, рахаттанып жүресің, рахаттанып киінесің, егер де ондай жыныстық қатынас жасамағаннан кейін ашуланшақ боласың, айқайлай бересің, нервың көтеріліп кетеді. Солай ма?/quote]Әйгерім Досболқызы, жалғызбасты ана:
Ондайды, байды ойлайтын заман емес қазір. Мына екі бала шырылдап тұрғанда жетіспей жатқанда мен ондайды ойлап отыратын уақытым да жоқ. Сөздің шыны керек. Баланың тамағы бар, кірі бар, несі бар, отыны бар, су тасимын, километрлеп бір рейстен 90 литр алып келемін. Шаршап келемін. Битіп сүйегің келеді, бірақ жоқ болғаннан кейін басыңды көтеріп жүре бересің, сүйемейсің ешкімге де!Сырттай мықты болғанымен, іштей мүжілетінін жасырмайды. Бірден білінбесе де тән ләззатының жоқтығы жылдар өте жан ауруына алып келеді дейді білетіндер.
Камила Күзенбаева, психолог:
Біз айтамыз аптасына, айына жылына деп жатамыз. Бұл табиғаттың заңдылығы болғандықтан бұл күнделікті болып тұруы керек, сонда агрессияның да, депрессияның да, стрестің де, бақытсыздыңқтың да алдын алады.Иә, мұны қыз-жігіттер білмейді емес біледі, тән рахатын қаламайды емес қалайды, алайда біреуінің әйелі я күйеуі бақилық болатыны.
Дина Сұлтангереева, гинеколог, эндокринолог:
Жыныстық қатынасқа тұрақты түспеген әйел адамдар басқа да қосымша ауруларға шалдығуы мүмкін. Өйткені эстроген деген әйел адамның гормонының көп бөлінуіне байланысты, гормон көп мөлшерде бөлініп, әр түрлі ісіктерге алып келуі мүмкін. Фибрамиома дейміз, жаңағы миома матки деп жатамыз. Жатырдың миомасы деп сирек кезедсіп жатады. Сонымен қатар омырауда шығатын әртүрлі доброкачественный образование дейміз, олардың барлығы да гормоналдық қызметінің өзгерісі. Ал ер азаматтарда простатит болып жатады, застой простата деп жатады, сондай аурларға шалдығуы мүмкін.Ауырып қаласыз, күнде жаппай жыныстық қатынасқа түсіңіз деп жатқан жоқ мамандар. Әйтпесе табылар араңызда оларды жамандар.
Полатбек Жоланов, кәсіпкер:
Тұрақты болу керек, күніне ауыстыра беру деген масқара, маткасынан айырылады, маткасына операция жасалады, еркек те мүсәпір болып қалады. Тұрақты өзінің жарын табу керек, тұрақты қимыл әрекетін жасау кереек, сонда ғана өмір өмір болады.