Көлікте жыныстық қатынасқа түскендерге қандай жаза қолданылады
ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына сәйкес, бұл ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады. Мұндайда құқық бұзушыға 20 АЕК-ке дейінгі көлемде айыппұл салынуы немесе 10-15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін.
ҚР ӘҚБтК-нің "Ұсақ бұзақылық" жайлы 434-бабында қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны, жеке тұлғалардың ар-намысына тиіп, қорлағаны, ғимараттарды, өзге де құрылыс құрылымдарын, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдаланылатын орындарды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті сындырып, бүлдіргені және айналадағыларға құрметсіздік танытуды білдіретін қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай іс-әрекеттер жазаға тартуға жататыны нақты көрсетілген.