Оралда кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен ер адам 2,5 жылға сотталды
Оралда 21 жастағы Анатолий Марченко "16 жасқа толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскені үшін" 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды zakon.kz.
"Мой город" порталының хабарлауынша, алғашқыда Марченконың ісі "кәмелетке толмаған баланы зорлау" бабы бойынша сотқа жіберілген, бірақ содан кейін "16 жасқа толмаған жасөсіріммен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы басқа іс-әрекеттерге бару" бабы бойынша қайта қаралды. Айыптау қорытындысында жәбірленушінің қылмыс жасаған кезде 12 жасқа толғанын, оның іс-әрекетінің мәнін түсінбейтіндігін пайдаланғаны айтылады.
Істі қазылар алқасы қарады.
- Істі қарау кезінде алқабилер жыныстық қатынас жәбірленушінің келісімімен болған деген қорытынды шығарды. Жәбірленуші оның физикалық және психикалық дамуына байланысты жыныстық қатынастардың маңыздылығын түсінді. Сотталушы зорлық жасамаған, бірақ 16 жасқа толмаған жасөсіпірммен ерікті түрде жыныстық қатынасқа түскен. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабымен қайта қаралды, - деді судья Шара Зайнуллина.
Судья алқабилердің шешімі жасырын дауыс беру арқылы қабылданғанын және судья үкіміне әсер етпегенін айтты.
Алқабилер сотталушының жас баласы барын, бұрын сотты болмағанын және оң мінездемесін жазаны жеңілдететін жағдай деп таныды. Осылайша, әділ қазылар алқасы 2,5 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза әділетті деп санады, - деп толықтырды Зайнуллина.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.