Қазақстан экономикалық еркіндік индексі бойынша 39-орынды иеленді

inform.kz inform.kz
Heritage Foundation Қазақстанның 2020 жылғы рейтингтегі позициясын жақсарту тұрғысынан алғанда анағұрлым маңызды оң серпіні бар 10 елдің біріне айналғанын атап өтті.

Америкалық зерттеу орталығының 2020 жылғы экономикалық еркіндік индексі бойынша "Мұра қоры" (Heritage Foundation) елдер рейтингінде Қазақстан өз көрсеткіштерін 20 позицияға жақсартып, 180 орынның ішінен 39-орынды иеленді (2019 жылғы рейтингте – 59-орын), деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Heritage Foundation Қазақстанның 2020 жылғы рейтингтегі позициясын жақсарту тұрғысынан алғанда анағұрлым маңызды оң серпіні бар 10 елдің біріне айналғанын атап өтті.

Оң серпін фискалдық тұрақтылық, меншік құқығын қорғау, мемлекеттік органдардың тиімділігі, мемлекеттік шығыстардың тиімділігі, бизнестің бостандығы, сауда еркіндігі, сот жүйесінің тиімділігі секілді көрсеткіштер бойынша байқалды.

Тұрақты динамика инвестициялар еркіндігі, қаржы секторының еркіндігі сияқты көрсеткіштер бойынша байқалды. Салыстыру үшін, 2020 жылғы экономикалық еркіндік индексі бойынша елдер рейтингінде Ресей Федерациясы 94-орынды, Өзбекстан Республикасы 114-орынды, Беларусь Республикасы 88-орынды, Қырғыз Республикасы 81-орынды иеленді.

Экономикалық еркіндік деңгейі аса жоғары 5 елдің қатарына Сингапур, Гонконг, Жаңа Зеландия, Австралия, Швейцария кірді.

Айта кетсек, "Мұра қоры" (The Heritage Foundation) америкалық зерттеу орталығы жыл сайын әлем елдерінің экономикалық еркіндігі туралы есеп шығарады. Экономикалық еркіндік индексі (Index of Economic Freedom) – тиісті рейтингті қалыптастыратын экономикалық еркіндік деңгейін бағалайтын біріктірілген көрсеткіш.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз