Тапсырыс беруші - түрік азаматы. Ресейде екі қазақстандық кісі өлтірмек болды

2 Наурыз 2021, 12:40
Сурет: krk.sledcom.ru

Ресейде кісі өлтірмек болды деген күдікпен екі қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ресейдің Тергеу комитетінің Краснояр өлкесі және Хакасия Республикасы бойынша Бас тергеу басқармасы 2021 жылдың 17 ақпанында Железногорск қаласында үш адам әйелге шабуыл жасап, оны пышақпен жаралағанын хабарлады. Зардап шегуші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Ол тергеушілерге Түркияда тұратын күйеуінің шабуылға қатысы болуы мүмкін екенін айтқан.

Полиция 29 және 30 жастағы Қазақстан азаматын, сондай-ақ Ресейдің 39 жастағы азаматын ұстады.

Алдын ала нұсқа бойынша, 2020 жылдың желтоқсан айының соңы - 2021 жылдың қаңтар айының басында ұсталушылар шетелдік азаматтан 30 жастағы әйелін өлтіру бойынша "тапсырыс" алған.

17 ақпан күні таңертең ер адамдар алдын-ала бөлініп, артынан аңдып, балабақшаға жеткен әйелдің балаларын алып кетуін күткен, содан соң оны пышақтаған. Шабуылдаушылар пышақты қарға лақтырып, Красноярскіге кетіп, сол жерден ұшақпен Мәскеуге жетеді. Домодедово әуежайында шетелге ұшуға бет алған оларды полиция ұстады.

Жауап алу кезінде сотталушылар әйелді өлтіруге оның күйеуі - Түркия Республикасының азаматы тапсырыс бергенін айтып, кінәсін мойындады. Кісі өлтіруді орындау үшін олардың әрқайсысының рөліне байланысты 10 мыңнан 30 мың долларға дейін ақшалай сыйақы уәде етілді, делінген хабарламада.

Жәбірленушінің секемденуіне балаларды күйеуінің келісімінсіз Ресейге тұрақты тұру үшін алып кетуі түрткі болған.

Қазір ер адамдар қамауға алынды. Тергеу "Тапсырыспен кісі өлтіру әрекеті" бабы бойынша жүріп жатыр.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?