Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейде соңғы курста оқитын қазақстандық студенттерге дипломды сырттай қорғауға рұқсат берілді

Гудок, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2020 19:28 Гудок
Оқу бітірген кезде Ресейге кіре алмайтын түлектер үшін дипломдық жұмыстарды қашықтықтан қорғау қарастырылған.

Ресей тарапы қазіргі уақытта эпидемиялық жағдайға байланысты Ресейге келу мүмкіндігі жоқ қазақстандық студенттер қашықтықтан оқи алады деп сендірді. Атап айтқанда, Ғылым және жоғары білім министрлігі ресейлік университеттерді жеке оқу жоспарларын жасауға немесе академиялық демалыс беруге шақырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР СІМ арнайы ақпарат таратты:

Қазақстанның Мәскеудегі дипломаттардың Ресейдің Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Ресейдің Оқу-ағарту министрлігінің, ресейлік жетекші жоғары оқу орындарының басшылығымен өткізген келіссөздерінің қорытындылары бойынша келесіні хабарлаймыз.

Ресей тарапы қазіргі уақытта эпидемиялық жағдайға байланысты Ресейге келу мүмкіндігі жоқ қазақстандық студенттер қашықтықтан оқи алады деп сендірді. Атап айтқанда, Ғылым және жоғары білім министрлігі ресейлік университеттерді жеке оқу жоспарларын жасауға немесе академиялық демалыс беруге шақырды.

Сондай-ақ, қашықтықтағы форматқа көшуге байланысты оқудан ешкім шығарылмайтын атап өтілді. Оқу бітірген кезде Ресейге кіре алмайтын түлектер үшін дипломдық жұмыстарды қашықтықтан қорғау қарастырылған.

Ресей тарапымен Ресейге келген қазақстандық студенттерге коронавирусқа ПТР-тестілеуін ұйымдастыру және 14 күндік карантиннен өту үшін жатақханаларда орындарды қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Біздің Елшілік қазақстандық студенттермен болған жағдайды бақылауда ұстауда, жұмыс жалғасуда. Қазақстандықтарды оқудан шығаруға байланысты мәселелер туындаған жағдайда, олар жеке тәртіппен қаралатын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: