Ресейде оқитын әрбір бесінші шетелдік студент – қазақстандық
Әрбір бесінші қазақстандық ресейлік жоғары оқу орындарына оқуға барады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сарапшылардың деректері бойынша, 2020 жылы білім беру жүйесінің сапасы бойынша рейтингте Қазақстан 93 елдің арасында тек 62-ші орынды иеленді.
ТМД елдері арасында Қазақстаннан жоғары болып Қырғызстан тұр (55-ші орын) және Ресей (36-шы орын).
Әлемнің 1300-ден астам жоғары оқу орындарын бағалайтын QS World University Rankings 2022 халықаралық рейтингінде Қазақстанды 14 жоғары оқу орны ұсынады, ал ең жоғары орынды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) 175-орынды иеленді. Осылайша, Қазақстанның бір де бір жоғары оқу орны алғашқы жүзге де кірген жоқ.
Ресей Ғылым және жоғары білім министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылы ресейлік жоғары оқу орындарында 281 мыңнан астам шетелдік студент білім алған, олардың ішінде әрбір бесіншісі қазақстандық (59,1 мың адам).
Сонымен қатар, 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстандағы білім беру саласындағы негізгі капиталға инвестициялар өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12%-ға қысқарып, бар болғаны 146,9 млрд теңгені құрады, - делінген Ranking.kz зерттеуінде.Білім беру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жартысынан астамы төрт аймаққа ғана тиесілі:
- Алматы (26,9 млрд тг)
- Түркістан облысы (20,2 млрд тг)
- Шымкент (18,5 млрд тг)
- Алматы облысы (16,6 млрд тг)Білім беру саласындағы инвестициялардың ең аз көлемі батыс өңірлерге – Батыс Қазақстан (2,2 млрд тг), Ақтөбе (2,6 млрд тг) және Маңғыстау (3 млрд тг) облыстарына тиесілі.
Өңірлік бөліністе білім беруге инвестициялар көлемі бір жыл ішінде 17 өңірдің 12-ге қысқарды.
Айта кету керек, елімізде білім беру саласы жұмыспен қамтылғандар саны бойынша көш бастап тұр, 1 млн-нан астам адам жұмыспен қамтылған.
Бұл ретте білім беру саласындағы бір қызметкерге негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі – ең төмен инвестициялардың бірі: ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында тек 61,3 мың теңге – 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда аз (74,4 мың теңге болған).
Сектордағы орташа айлық номиналды жалақы ағымдағы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша 233,9 мың теңгені құрады.
Бақытжан Отарбаева