Жаңа оқу жылынан бастап ЖОО мұғалімдерінің жалақысы 20-30 пайызға өседі

hse.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2020 22:08 hse.ru
2019-2020 оқу жылында жоғары оқу орындарында оқытушылардың жалақысы орта есеппен 20 пайызға өскен болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық сенім кеңесінің отырысында берген тапсырмасына сәйкес ЖОО-дағы грант құнын өсіру туралы Үкімет қаулысы қабылданды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шара екі мәселені шешуге мүмкіндік береді:

жоғары оқу орындарындағы профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысын өсіру;

университеттердегі материалдық-техникалық базаны нығайту.

2019-2020 оқу жылында жоғары оқу орындарында оқытушылардың жалақысы орта есеппен 20 пайызға өскен болатын.

Ал 2020-2021 оқу жылында оқытушылар жалақысы шамамен 21-32 пайызға дейін көтерілетін болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: