"Дәрмек" республикалық операциясының бірінші кезеңі аяқталды – ІІМ

2 Наурыз 2021, 16:27
Сурет: Sputnik / Абзал Калиев

Есірткі құралдардың, психотропты заттар мен прекурсорлардың заңды айналымындағы бұзушылықтарды анықтау мақсатында ІІМ республика аумағында "Дәрмек" кең ауқымды арнайы операциясын өткізді. Іс-шара өткізілген 5 күн ішінде өз қызметінде аталған заттарды қолданатын 700 жуық кәсіпорын мен ұйым тексерілді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бақылаудағы заттардың айналымы саласында 102 құқық бұзушылық анықталып, олар бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Соның ішінде олар сақталатын объектілер мен үй-жайлардың техникалық беріктілігі талаптарының 38 бұзушылығы.

Қолданыстағы заңнаманың бұзылуымен сақталған немесе сатылған құрамында есірткі бар препараттардың барлығы – есірткі құралдардың 1200 ампуласы және психотропты заттардың 1800-ден аса таблеткасы мен 200 ампуласы айналымнан алынды.

"Дәріханалық" нашақорлықтың таралуын есепке ала отырып, "Дәрмек" операциясы барысында полицейлер тәуелділік тудыратын және есірткіге ұқсас масаю күйіне түсу үшін пайдаланылуы мүмкін дәрілік препараттардың рецептсіз сатылуын анықтауға бағдарланды.

Еліміздің дәріханаларында осындай есептегі препараттарды рецептісіз сатудың 53 фактісі және заңсыз фармацевтикалық қызметтің 2 фактісі анықталды.

Осылайша, Жамбыл облысында тұрғылықты жері бойынша осындай препараттарды сатуды ұйымдастырған, Тараз қаласының 30 жасар тұрғыны ұсталды. Одан қатаң дәрігердің рецепті бойынша сатылуға жататын 1550 таблетка трамадол (апиын қатарындағы есірткілік дәрілік зат) және 110 таблетка сомнол алынды.

"Қолдан" сатудың екінші фактісі Балхаш қ. анықталды, онда жергілікті тұрғын күшті әсер ететін препаратты сатпақшы болған жерінде ұсталған.

Ұсталған азаматшаларға қатысты заңсыз фармацевтикалық қызмет фактісі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша материалдар денсаулық сақтау органдарының фармацевтикалық бақылау аумақтық бөліністеріне жолданды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?