Алматыда кенелерге қарсы өңдеу жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды

кене науқаны, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2022 18:00 Сурет: pixabay
Алматы қаласы аумағында 2022 жылғы 5-ші сәуірден 30-шы сәуірге дейінгі аралықта жалпы ауданы 2424,54 га болатын орман және қалалық саябақтар, алаңдар аумағында кенелерге қарсы өңдеу жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңдеу жұмыстарымен 8 орманды (көлемі – 1904,924 га) және 144 қала саябақтары, алаңдары (көлемі – 519,616 га) қамтылды. Оның ішінде, аудандар бойынша:

  • Алатау ауданы – 2,93 га;

  • Алмалы ауданы – 46,7 га;

  • Әуэзов ауданы –17,97 га;

  • Бостандық ауданы – 439,314 га;

  • Жетісу ауданы – 50,05 га;

  • Медеу ауданы – 1526,76 га;

  • Наурызбай ауданы – 154,716 га;

  • Турксіб ауданы – 186,10 га.

Кене энцефалитіне қарсы өңдеу жұмысының екінші кезеңі 2022 жылғы мамыр айының екінші онкүндігінде басталады.

Дезинсекциялық іс-шаралар республикалық бюджет қаражаты есебінен қаланың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі мамандарының тікелей бақылауымен Алматы қаласы бойынша «Дезинфекциялық орталық» филиалымен жүргізілді.

Дезинсекциялық өңдеуге 19 даярланған мамандардан құралған 2 дезинфекциялық бригада жұмылдырылды. Кенеге қарсы өңдеу жүргізу үшін қажетті жабдықтармен: 6 ыстық тұманды термогенераторлар, 3 суық тұманды термогенераторлар, 2 – он екі литрлік моторлы бүріккіштер, 10 – бес литрлік гидропульттер, 2 – автокөлiкпен жабдықталды.

Кенелерге қарсы өңдеу жұмыстарына қатысқан мамандар қажетті жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етiлді. Дезинсекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін қауіпті емес 4 класқа жататын инсекті-акарицидидтік «Фаворит» препараты қолданылды (адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз).

Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары кенеге қарсы өңдеу шараларының тиімділігіне бақылау жүргізуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: