Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы қаласы аумағында кенелерге қарсы өндеу жұмыстары басталды

Алматыда кенені жою жұмыстары басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2023 11:52 Сурет: pixabay
Алматы қаласында 2023 жылғы 29 наурыздан бастап жалпы ауданы 2424,54 га құрайтын орманды алқаптарда, қала саябақтары мен гүл бақтарда кенелерге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстарының 1 кезеңі басталады.

Өңдеу жұмыстарымен 8 орманды алқап (көлемі - 1904,924 га), 144 қала саябақтары мен гүл бағындары (көлемі – 519,616 га) қамтылады және ауа-райына байланысты (құрғақ, жауын-шашынсыз күндері) кестеге сәйкес 2023 жылғы 29 наурыздан 28 сәуірге дейін жүргізіледі. Кене энцефалитіне қарсы күрестің нәтижесі сапалы болуы үшін өңдеу жұмысы екі кезеңде жүргізіледі (2 кезең - мамыр, маусым айларында).

Дезинсекциялық іс-шараны қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандарының тікелей бақылауымен «Алматы қаласының дезинфекция орталығы» филиалы атқарады. Жасақталған дезбригадалар қажетті құралдармен, көліктермен және жеке бас қорғаныш заттарымен жабдықталған.

Кене энцефалитіне қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін «Фаворит» акарицидтік препараты қолданылады. Препарат аз уытты және қауіптілігі төмен санатқа жатқызылады (3-4 класс). Кенелермен күресу үшін қолданылатын дозалар ең аз және адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз болып табылады. Өңдеу жұмыстары таңертеңгілік сағаттарда жүргізіледі. Өңделетін аумақтардың шекараларында «Кенеге қарсы өңдеу жүргізілуде» ескерту хабарламалары бар тақталар орнаталады.

 Осыған байланысты, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қала тұрғындарына келесі сақтық шараларын сақтауды ұсынады:

  • - акарицидты препараттың ерітіндісін денеге немесе киімге тигізіп алмас үшін, кенеге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерден қашықтау жүру керек;
  • - жердегі шашыратқан препараттар құрғағанша үй жануарларын өңдеу жұмыстары жүргізілген аймаққа жібермеу керек;
  • - өңдеу жұмыстары жүрізілген жерлерден 40 күн бойы саңырауқұлақтарды, шөптерді немесе жидектерді жинауға және пайдалануға болмайды;
  • - қала тұрғындары мен қонақтары кенеге қарсы өңдеу кезінде және одан кейін 3 күн ішінде саябақтарға, гүл бағындарға және табиғи ошақтарға бармауы керек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: