Таразда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтеді
![«Байтал – Антитеррор – 2022», лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2022 09:43](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-90d73dc1-6c76-447a-8bd7-76e59cbaa37e/800x451.webp)
5 сәуірде сағат 11:00-13:00 аралығында Тараз қаласы Мәмбет батыр көшесінде «Байтал – Антитеррор – 2022» лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуы өтеді деп жоспарлануда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәмбет батыр көшесінің бойында көлік қозғалысы шектеледі.
Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының төтенше жағдайларды жою және шартты терроризм актісінің жолын кесу, сондай-ақ оның зардаптарын барынша азайту және жою міндеттерін орындау бойынша практикалық дағдыларын дамыту.Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб
Тұрғындардан өткізіліп жатқан лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарау, қауіпсіздік шараларын сақтау және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындау сұралады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript