Полиция қатарындағы арулар: Гаухарбек Інкәр

2 Наурыз 2021, 16:33
Сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Соңғы кездері полиция қатарынан нәзік жанды аруды көру таңсық жәйіт емес. Олардың қатары күн санап артып келеді, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Олар өздерінің тұрмыстағы бала тәрбиесімен қатар, асқан жауапкершілікті талап ететін полиция қызметінде абыройлы қызмет атқаруда. Ерлермен иық тірестіре қызмет етіп жүрген сондай ару қыздарымыздың бірі Гаухарбек Інкәр Мухтарқызы. Ол он жыл бұрын құқық қорғау органдарына қызметке келген.

Інкәр Гаухарбек болашақта қандай мамандық иесі атанатынын мектеп қабырғасына бармай жатып білген. 5 жасында полиция қызметкері болатыны туралы шешім қабылдап, сол ойынан таймайған. Арманын іске асыру үшін бойжеткен Алматыдағы ІІМ Академиясына оқуға түседі. Қолына диплом алған соң ол Сарқан ауданының ІІБ-не жұмысқа орналасады.

Қатаң тәртіп пен кәсібилікті үйлестіре білген сала қызметкері, полиция капитаны – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жұмыс жасайды. Өз қызметтік міндетін атқару барысында ол антына адалдық танытып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың тыныштығын, заңдылық пен құқық тәртібін қорғауға зор үлес қосып келе жатқан нәзік жанды полицейдің бірі. Бүгінде ол аяулы ана, асыл жар.

Ия, нәзік жанды бойжеткен үшін полиция қызметкері болған оңай шаруа болып көрінбеуі мүмкін. Дегенмен, егер адам өзі шынайы қалайтын өмір жолын таба білсе ғана, жұмыста тамаша нәтижелерге қол жеткізе алады, дейді полицей ару.

Жаны нәзік болса да, қызметте талап пен тәртіпті бойына тұмар еткен полиция қатарындағы нәзік жанды қызметкеріміздің жұмысына табыс тілейміз.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?