Жаңалықтар тізбегі
0

Cәләфизм қазақ спортының ұлттық рухын жықты

Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2021 15:05 Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК
"Дұғада болайық" дейтіндерді емес, "Отанға қызмет етейік" дейтін жастарды тәрбиелейік.

Сақалдары салаңдап, дамбалдары далаңдап дұғада жүретіндердің арқасында медалсіз қалдық. Кезінде спортты сәләфизм жәйламай тұрып, ұлттық рух, намыс қандарында қайнап тұрғанда спортшыларымыз жүлдемен оралған еді, деп жазады блогер Айгүл Орынбек.

Спортқа "дұғада болайық" дейтіндер кіргелі, спортшылар рухсыз болып қалды

Халықтың емес, Алланың алдында жауап береміз жеңілсек жеңіле берейік деп ойлайтын шығар! "Қаңғып жүрген өзбектер" деп көршілерді менсінбейтін едік, сақалдыларды түбімен жойып, намысшылдық пен отансүйгіштіктің арқасында Олимпиада ойындарында алтындар алып, бізден озып отыр. Бұрын мұндай болған емес!

Блогердің жазуынша, спорт жайлы мұрнына исі бармайтын адамдар, спорт саласын басқарып отыр.

Ауыл аймақта намысты жастар жоқ емес, бар. Олардың дарынын, намысын оятып жетелейтін чемпиондар мен бапкерлерді басшылық қызметке алып келмейді. Себебі әкімдерге спортты дамытатын емес, спорттан пайда көретін адамдар ыңғайлы! Мысал ретінде Түркістан облысы спорт басқармасының бұрынғы қызметкерлері спортшылардың тамағынан, жарыстарға арналған қаражаттарын жеген деген айыппен жақында қамауға алынды! Тиын тебен емес, миллиондар желінген… Шымкентте де қаламыздың спорт басқармасын шетелдің азаматына басқаруға құзырет берді… Шетел азаматы отанды сүйетін рухты спортшыларды тәрбиелеп шығарады деп ойлады ма, сол Әйтенов?! Спорт саласында осындай ол қылықтарды көріп жүрігеннен кейін медал алмайтынымызды сезіп едім. "Дұғада болайық" дейтіндерді емес, "Отанға қызмет етейік" дейтін жастарды тәрбиелейік, дейді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: