Қостанай облысында екі джип бетпе-бет соқтығысып, жеті адам қаза тапты

saqshy.info saqshy.info
Lexus көлігінде үш адам, Mitsubishi Pajero-да жүргізушісімен бірге төрт адам қайтыс болды.

Қостанай облысында екі джип бетпе-бет соқтығысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық ПД мәліметі бойынша, Қостанай-Әулиекөл тас жолында ірі жол апаты болды.

Қостанай-Әулиекөл тас жолының 69-шы шақырымында Новонеженка ауылы мен Лаврентьевка арасында сағат 16:30 шамасында екі джип (Mitsubishi Pajero және Lexus) бетпе-бет соқтығысқан. Автопатруль мен жедел-тергеу тобы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта апаттан жеті адам қайтыс болғаны белгілі болды. Толығырақ ақпарат кейінірек беріледі, - деді Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Негмет Исмағұлов.

Оның айтуынша, Lexus көлігінде үш адам, Mitsubishi Pajero-да жүргізушісімен бірге төрт адам қайтыс болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз