Талдықорған маңында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2023 18:26 Сурет: Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі
Талдықорған-Үштөбе айналма жолында Mitsubishi Pajero автокөлігі КамАЗ жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mitsubishi Pajero-ны 32 жастағы ер адам басқарған, ол жолаушысымен бірге оқиға орнында көз жұмды.

Сондай-ақ 34 жастағы әйел түрлі дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жатқызылды. 


Сурет: Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі


"Автожолдың аталған учаскесінде Mitsubishi Pajero автокөлігі КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқанын хабарлаймыз. Өңір полициясы жүргізушілерді жылдамдық режимін және ҚР ЖҚЕ-де көрсетілген басқа да талаптарды мүлтіксіз орындауға шақырады", - деді Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Сурет: Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі


Қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 


Сурет: Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: