Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда үшінші перзентін босанған әйел қан кетіп, көз жұмды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2021 17:24 видеодан кадр
Туыстары дәрігерлерді кінәлауда.

Перзентханаға босануға барған келіншек көп ұзамай көз жұмды. Үшінші перзентін дүниеге әкелген әйел қансырап қалған. Алайда кенжесі анасының аялы алақынан да сезініп үлгермеген. Енді үш баласы аңырап жетім қалды. Туыстары дәрігерлерді кінәлауда, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Алматылық Анна Есінбекова бір апта бұрын ғана №5 қалалық перзетханаға жатқызылған. Алайда босанғаннан кейін көз жұмды дегенге туыстары сене алар емес. Айтуларынша жүктілігі қалыпты өткен, кері көрсетекіштер болмапты. Ай-күні жеткен келіншек осыған дейін екі перзентін өзі босанған.

Зәуреш Райханова, марқұмның енесі:

Бірақ оның денсаулығында ешқандай ақау болған жоқ. Звондап сөйлесіп тұрдым. Бәрі нормальный анализы жақсы, просто плод крупный деді.

Дәрігерлер келіншектің іштегі баласы үлкен болғанына қарамастан 28 ақпан күні таң ата босандырған. Алайда жағдайы бірден нашарлап кеткенін ақ халаттылар жасырды дейді, туыстары. Тек түске таман дәрігерлер келіншектің жағдайы ауыр екенін, жасанды тыныс алу апаратына қосылғанын, көп қан кеткенін жеткізіпті. Жақындары егер кесір тілігімен босандырғанда Анна аман қалар еді деп отыр.

Татьяна Дю, марқұмның анасы:

Күйеу балам мені алдады деп айтты. Анна босанды деп айтқанымен шын мәнінде жансақтау бөліміне жатқызып, ота жасап, қан құйған. Таңғы төрт жарымда босанғанымен түске дейін ол туралы айтпаған.

Дәрігерлер келіншектің қайтыс болғаны туралы туыстарына жексенбі кешкісін ғана айтыпты. Анна жүктіліктің 41 аптасында болған екен. Кесір тілігін жасауға негіз болмаған соң өзін босандырыпты. Бірақ бірден қан кетіп, өмірін сақтап қалу үшін қаладағы білікті мамандардың барлығын жұмылдырылған. Сондықтан туыстарына кеш хабар берілгенін айтады. 15 жылдың ішінде осындай жағдай бірінші рет тіркеліп отырған көрінеді.

Науат Тілешова, №5 перзентхана бас дәрігерінің орынбасары:

Дәрігерлердің жұмылып кірісіп, жүргізген іс-әрекеттері оңтайлы нәтиже бермеді. Әйелді аман сақтап қалу мүмкін болмады. Қазір комиссия құрылған. Комиссия жұмыс істеп жатыр. Нәтижесін комиссия айтады.

Марқұмның туыстары дәрігерлерді кінәлауда. Сондықтан құзырлы органдарға шағым түсірген. Полицияның мәліметі бойынша қылмыстық кодекстің "Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Егер дәрігердің кінәсі делелденсе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал марқұмның артында ботадай боздап үш перзенті мен күйеуі қалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: