Петропавлда бала босанған әйел коронавирустан көз жұмды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2021 04:47 Zakon.kz
Жыл басынан бері аймақта 650-ге жуық жүкті әйел коронавирус жұқтырған. 200-ден астамында дерт ауыр жүрді. 38 әйелге шұғыл кесарь жасалған, үш нәресте шетінеп кетті.

32 жастағы әйел жүктіліктің жетінші айында ауыр халде ауруханаға түсіп, қайтыс болды. Бұл – СҚО-да босанған әйелдердің коронавируспен ауырып қайтыс болғаны туралы алғашқы дерек, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, дәрігерлер ана мен баланы құтқаруға тырысып, шұғыл кесарь тілігін жасаған. Алайда олар барлық күш-жігерін салса да науқастың өмірін құтқара алмады.

– Жағдайы өте ауыр болды. Ана мен баланың өмірі қатар тұрғандықтан, әйелге жедел кесарь тілігін жасау туралы шешім қабылданды. Дегенмен жас ананы құтқару мүмкін болмады, босанғаннан кейін 10 күн өткен соң ол қайтыс болды. Сәби аман-есен, – деді СҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Сайлауқызы.

Жыл басынан бері аймақта 650-ге жуық жүкті әйел коронавирус жұқтырған. 200-ден астамында дерт ауыр жүрді. 38 әйелге шұғыл кесарь жасалған, үш нәресте шетінеп кетті.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: