Шымкентте табысы төмен отбасылардың қатары азайды
Сурет: pixabay
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында жыл басынан бері 1400-ге жуық әйелге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Ал былтыр 6 айда аталмыш жәрдемақыны 2500 әйел алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Яғни өткен жылмен салыстырғанда табысы төмен отбасылардың қатары азайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаттары жергілікті жұмыспен қамту орталығына барғанында айтылды, деп жазады qazaqstan.tv.
Орталық еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастырады.
Сонымен қатар жұмыс берушілер жетім балалар, мүгедектігі бар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыспен қамту квотасын орындайды.
Жалпы, Шымкент қаласында оң өзгерістер бар. Әсіресе, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтардың саны азайып жатыр. Тиісті мемлекеттік органдар бүгінгі таңда тығыз халықпен жасауда. Оқып үйреніп әрі қарай грант алу мәселесіне дейін жүйелі жұмыс жасалған. Берік Бекжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript