Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысындағы Қарасай ауданында тұрмыстық зорлыққа қатысты 243 дерек тіркелген

тұрмыстық зорлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2022 14:58 Сурет: pexels
Полиция дерегінше, жыл басынан бері 102-ге 64 әйел көмек сұраған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысындағы Қарасай ауданының өзінде тұрмыстық зорлыққа қатысты биыл 243 дерек тіркелген. Бұл туралы өңірдегі тәртіпті қадағалайтын полиция қызметкерлері мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

54 жастағы Елена қызы дүниеден озғалы 2 жиенін өзі бағып отыр. Қос бүлдіршіннің анасы бір болғанмен, әкелері бөлек. Еленаның айтуынша, күйеу баласы екінші некеден туған қыздың әкесі екенін дәлелдеп, күш қолдану арқылы тартып алмақ болған.

Үйіме баса-көктеп кіріп, ойран салды. Қызды алып кетемін деп қорқытатын. Бүлдіршіннің қолынан тартып, қазір ол да шошып қалған, – деді Қарасай ауданының тұрғыны Елена Митрофанова.

Ал қазір мына үйді жалдап тұратын Тоқтарбайдың айтуыншы, ол бар дүниесінен ішімдіктің кесірінен айырылған. Арам су жанұяның да шырқын бұзып, ерлі-зайыпты арасында жанжал жиі туған. Сондықтан тәртіп сақшыларының есебіне алынған.

«Бұрын іштім. Енді ол нәрсені тастадым. Бала-шаға, немере қасында жүрем енді. Мүлдем ішпеймін енді. Адамгершіліктен шығарып жіберетін зат екен», – деді Қарасай ауданының тұрғыны Тоқтарбай Байымбетов.

Қарасай ауданының өзінде үйге келіп сойқан салып, құқықбұзушылыққа барған 240-тан астам адам тіркеуде тұр. Сондықтан жергілікті тәртіп сақшылары ондай азаматтарды үнемі бақылауда ұстайды.

«Әйелдерге қатысты отбасы, тұрмыстық қатынастарда құқықбұзушылық жасауға бейім тұлғаларды анықтау, оларды есепке қою және есептегі тұлғаларды үй-жайы бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі», – деді Қарасай ауданы ЖПҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Эльмира Есенбаева.

Полиция дерегінше, жыл басынан бері 102-ге 64 әйел көмек сұрап хабарласқан. Ал жанжал салдарынан далада қалған 13 ана мен 38 бала Талдықорғандағы және Алматыдағы арнайы дағдарыс орталықтарына орналастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: