Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында полиция 80-ге жуық қылмысты қызметтік иттердің көмегімен ашты

Алматы облысында полицияжыл басынан бері 80-ге жуық қылмысты қызметтік иттердің көмегімен ашты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2024 12:35 Сурет: ҚР ІІМ
Алматы облысында полиция жыл басынан бері 80-ге жуық қылмысты қызметтік иттердің көмегімен ашты.

Қызметтік-іздестіру иттері полиция жұмысында ерекше маңызға ие. Олар қылмыстарды ашу, жарылғыш заттарды, есірткіні және басқа мақсаттарды іздеу үшін қолданылады.

"Жыл басынан бері төрт аяқты көмекшілер 570 рет оқиға орнына шыққан, 78 қылмысты ашуға қатысқан. Қызметтік-іздестіру иттері арқылы ашылған қылмыстардың көпшілігі ұрлық болып табылады. Жедел-іздестіру іс–шаралары барысында есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты – 17 факт анықталған, оның 10-ы есірткі қылмысы", – деп атап өтті Алматы облысы ПД КҚО бастығы Ерлан Мусапиров.

Кәсіби деңгейін арттыру мақсатында кинолог-инспекторлар тұрақты негізде арнайы оқыту және қайта даярлау курстарынан өтеді. Қызметтік иттерді қолдану полицияның күнделікті жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады.

Тәжірибе көрсеткендей, олар қылмыспен күресуге және азаматтардың заңды құқықтарын сақтауға айтарлықтай үлес қосады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: