Жыл басынан бері қызметтік иттердің көмегімен 575 қылмыс ашылды
Сурет: Zakon.kz
ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері қызметтік иттердің көмегімен 575 қылмыс, оның ішінде 190 ұрлық, 16 тонау, 2 қарақшылық, 7 кісі өлтіру және 129 есірткі қылмысы ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен қатар заңсыз айналымнан шамамен 130 кг есірткі тәркіленді.
Ішкі істер органдарында қызметтік-іздестіру иттері із кесу, патрульдік, есірткі және жарылғыш заттарды іздеу бағыттары бойынша қызмет атқарады.
"Төрт аяқты көмекшілер қылмыстарды ашуда кеңінен қолданылады. Жақында ғана Ақтөбе облысында автокөлікті тексеру кезінде қызметтік-іздестіру итімен шамамен 60 кг есірткі табылып, тәркіленді. Олар қылмыскерлер мен жоғалған адамдарды, балаларды табуға көмектеседі." Алмас Күнтуов, ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті кинологиялық қызмет бөлімінің бастығы Алмас Күнтуов, ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті кинологиялық қызмет бөлімінің бастығы
Осылайша 16 қаңтарда Қарағандыда үшінші сынып оқушысы жоғалды, өзімен бірге ұялы телефоны болмаған. Алайда ит сол күні иіс іздері арқылы баланы тапты.
"Есірткі контрабандасының фактілерін болдырмау мақсатында меморандум шеңберінде тұрақты негізде "Қазпошта" филиалдарында пошта жөнелтімдері тексеріледі. Бұған қоса, кинолог мамандармен әуежай мен вокзалдарға, пойыздарға тексерістер жүргізіледі", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті кинологиялық қызмет бөлімінің бастығы Алмас Күнтуов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript